- 1. Балаңызбен сөйлесіңіз:
Интернетте пайдалы ақпаратпен қатар қауіпті деректер де бар екенін түсіндіріңіз. Балаңызға бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және жеке мәліметтерін (аты-жөні, мекенжайы, мектеп нөмірі, құпиясөзі) ашпау керектігін айтыңыз. - 2. Ата-ана бақылауын орнатыңыз:
Қажетсіз сайттарға, жарнамалар мен мазмұндарға кіруді шектейтін арнайы бағдарламалар мен баптауларды қолданыңыз. Мысалы: Kaspersky Safe Kids, Google Family Link. - 3. Сенімді қарым-қатынас орнатыңыз:
Балаңыз интернетте қорқынышты, түсініксіз немесе жағымсыз нәрсе көрсе, сізге айта алатынын білсін. Қателігі үшін ұрыспаңыз — бастысы, ол сізге сеніп, бәрін ашық айта алу керек. - 4. Интернетте өткізетін уақытын бақылаңыз:
Ақылға қонымды шектеу қойыңыз: бастауыш жастағы балалар үшін күніне 1–2 сағаттан артық емес. Интернетте бірге уақыт өткізіңіз: үйреніңіз, ойнаңыз, танымдық бейнелер көріңіз. - 5. Жеке үлгі көрсетіңіз:
Өз мінез-құлқыңыз арқылы интернетті жауапкершілікпен пайдалануды көрсетіңіз. Жеке ақпаратты жарияламаңыз және жалған ақпарат таратпаңыз. - 6. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз:
– Күдікті сілтемелерге өтпеңіз.
– Тексерілмеген файлдарды жүктемеңіз.
– Интернеттегі барлық ақпаратқа сене бермеңіз.